Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ шеңберінде Жаңа онжылдықтағы толеранттылық құжатын әзірлеуді ұсынды

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында басталған ЕҚЫҰ-ға мүше елдер басшыларының Саммитінде ЕҚЫҰ шеңберінде Жаңа онжылдықтағы толеранттылық құжатын әзірлеуді ұсынды.

«Біз конфессияаралық толеранттылықты жеке өлшем ретінде бөлуді ұсынамыз. Бүгін бізге конфессияаралық шынайы, ашық диалог қажет. Ол үшін ЕҚЫҰ Қазақстанның бастамасы бойынша Астанада үшінші рет өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің пікір алаңын пайдалана алады. Бізге христиандық, ислам, иудаизм және буддизм жанжалдасу үшін емес, бейбітшілікті құру үшін түсті деп білеміз. Сондай-ақ, жаңа онжылдықтағы толеранттылық құжатын әзірлеуді ұсынар едім», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті, жаһандық қаржылық дағдарыс, жергіліктіс жанжалдар мен әлемді дүр сілкіндерген басқа да қатерлер бүтін әлем үшін күтпеген жәйттар болғанын атап өтті.

«Бұл болашақты болжау көрегендігінде ақау барлығын көрсетеді. ЕҚЫҰ-ға қауіпсіздік бойынша әртүрлі проблемаларды болжау бойынша бағдарламалар мен жұмыстарды жеке өлшем ретінде қарастырып, реттеу қажет деп санаймын. Осы ретте, Астанада орналасуы мүмкін - ЕҚЫҰ институтын құруды ұсынамын», - деді Елбасы