Қазақстан Президенті «Гейдар Әлиев» орденімен марапатталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев дүйсенбі күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты «Гейдар Әлиев» орденімен марапаттау туралы бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы trend.az хабарлайды. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынасты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін «Гейдар Әлиев» орденімен марапатталды.

Дүйсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаевқа орденді табыстау рәсімі өтті. Қазақстан Президенті Ильхам Әлиевке Әзербайжандағы ең жоғары наградамен марапаттағаны үшін ризашылығын білдірді.