Қазақстан Президенті Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының Саммитіне қатысу үшін Бакуге келді

БАКУ. 18 қараша. ҚазАқпарат /Арнұр Мұхаметкәрім/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының ІІІ Саммитінің жалпы отырысына қатысу үшін Бакуге келді.

Осы сапарда Елбасымен бірге Мемлекеттік хатшы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев, ҚР Президентінің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев, ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Құлыбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Болат Қырғызбаев, ҚР Мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов барды.