Қазақстандықтар - үш күн демалады.
Бүгін Астанада «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күнінде алғаш рет өткізіліп отырған әскери шеруді қабылдайды.
«Қазақ елі» монументі елорданың 10 жылдығына орай тұрғызылған болатын. Оның орталық элементі - биіктігі 91 метрлік ескерткіш, ол Қазақстанның тәуелсіздік алған жылын және еліміздің егемендігін білдіреді.