Қазақстан Президенті Мәскеуде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады
12:25, 10 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге сапармен барады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«19 желтоқсанда Қазақстан Президенті Мәскеуге сапармен аттанады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады», - деді ресми өкіл.
Оның сөзіне қарағанда, отырыс барысында Ұйымға мүше мемлекеттер халықаралық қауіпсіздік және мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылайды. Бұдан бөлек, Н. Назарбаев Мемлекет басшылары деңгейіндегі мемлекетаралық ЕурАзЭҚ кеңесінің Мәскеуде өтетін отырысына да қатысады деп күтілуде.