Қазақстан Президенті мен халқына бар жақсылықты тілеймін - Мәскеудегі парадқа қатысушы, соғыс ардагері Е. Чусов

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы құрметіне соғыс ардагері, отставкадағы генерал-майор Евгений Николаевич Чусов Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан халқына өз құттықтауын арнады.

Е. Чусов 3-ші Беларусь майданында соғысқанын, онда Қазақстанның көптеген сарбаздарын кезіктіргенін айтып берді.

«Қазақтар өте көп болды», - деп атап өтті ол.

Ардагер Қазақстанды шын жүректен құттықтап, Президентке және күллі Қазақстан халқына бақыт, жетістік тіледі.

«Ұлы Отан соғысында кеңес халқының Жеңіс күні Қазақстан Республикасын шын жүректен құттықтаймын. Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқына тек жақсылық тілеймін. Бақыт пен жетістікке жете беріңіздер», - деді Е. Чусов.