Қазақстан Президенті мен Үндістан СІМ басшысы халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасты

None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістанның сыртқы істер министрі Салман Хуршидпен кездесті.

Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелеріне қатысты пікір алмасылды. Сонымен қатар, тараптар екі ел арасындағы қол жеткізілген серіктестіктің деңгейіне оң баға берді.

Қазақстан-Үндістан арасындағы екіжақты өзара ықпалдастық сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң сипатына ие болып отыр.

Мемлекет басшысы халықаралық аренада бедел алып, әлемдегі экономикалық орталықтың біріне айналып келе жатқан Үндістанның үдемелі дамуына тоқталып өтті.

Мемлекет басшысы инвестициялық және инновациялық саланы, сондай-ақ мұнай-газ индустриясын қоса алғанда, Қазақстанның түрлі саладағы ынтымақтастық әлеуетін арттыруға мүдделі екенін атап өтті.