«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойдыЗаң мемлекеттің мүлікті, соның ішінде заңды экономикалық айналыстан ертеректе шығарылған ақшаны бір реттік жариялау шарасын өткізу тәртібі мен шарттарын регламенттеуге бағытталған», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкестендіруге бағытталған.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.