Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Б. Ельцинді өз сөзіне адал, сатқындықты ұнатпайтын адам ретінде жоғары бағалайтын - Д. Назарбаева

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Б. Ельцинді өз сөзіне адал, сатқындықты ұнатпайтын  адам ретінде жоғары бағалайтын.

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайында «Борис Ельцин және оның заманы» атты көрменің ашылуы барысында Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева осылай деді.

«Жаңа тәуелсіз Қазақстан мен жаңа Ресей президенттерінің еншісіне бір мезгілде мемлекетті қалыптастыру мен құрудағы ауыр бейнет, алайда таңғажайып бақытты тағдыр бұйырды. Олар көптеген ғасырларға созылған біздің мемлекеттігіміздің ішіндегі аса қастерлі кезеңде біздің мемлекеттеріміздің, біздің халықтарымыздың басшысы болды,  демократияға өту кезеңіне, ұлттық жаңғыруға жол сілтеп, жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастырды. Бұдан бөлек, екі Көшбасшының арасында нағыз ерлер достығы орнаған еді, бұндай шынайы достық көптеген күрделі жағдайлардың күрмеуін оңай шешуге де талай рет септігін тигізгені айқын», - деді  Д.Назарбаева.

Оның айтуынша, бүгінгі күнгі Қазақстан мен Ресей арасындағы сатылы дамуға бастапқы берік негізді екі елдің Лидерлері қалап берді.