Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің елшілік қызметкерлері, Түркия Республикасындағы дипломатиялық, консулдық миссиялардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері, жоғары лауазымды тұлғалар, ғалымдар мен зиялы қауым қатысатын салтанатты рәсімде Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия Республикаларының Мемлекеттік Тулары және Түркі Кеңесінің туы көтеріледі.
Түркі Кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Нахчыван Келісімі бойынша халықаралық ұйым ретінде құрылған болатын. Ыстамбұл қаласында орналасқан Хатшылық 2010 жылғы 16 қыркүйектен бастап қызмет атқаруда.
Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттердің туларын жинақтаған Ұйымның көк түсті жалауы 2012 жылы тамыз айында Бішкек қаласында өткен ІІ Түркі Кеңесінің Саммитінде қабылданды.