Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті

None
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Иордания Хашимиттік Королдігінің басшысы Абдалла II ибн Әл Хұсейнмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары Қазақстан-Иордания қатынастарының жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірдегі ағымдағы жағдайды талқылады.