«Бүгінгі мүмкіндікті пайдалана отырып, бүкіл өзбек халқын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Біз жақында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары болып кездесу өткіздік. Біз бірге боламыз, сауда-саттықты, мәдениетті бірлесіп дамытамыз деп келістік. Қазақ пен өзбек халқының тілі, діні бір. Бұл игіліктер қаншама ғасырлардан бері жалғасып келеді. Ата-бабаларымыз салып кеткен жолды біз жалғастыруымыз керек, бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз керек. Бір-бірімізден білім, алып тәжірибе алмасып үйренуіміз керек»,-деді Президент құттықтауында.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Самарқанд қаласына жұмыс сапары барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті.
23:53, 21 Наурыз 2018
Қазақстан Президенті Өзбекстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстанда жұмыс сапарымен жүрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады. Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Елбасының құттықтауын Фейсбуктегі парақшасында жария етті.