Қазақстан Президенті Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды
11:43, 17 Шілде 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Павлодар қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сапар барысында бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралау, сондай-ақ Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу мәселелері жөніндегі кеңеске қатысу жоспарланған.