Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарланды.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей тарабына АӨІСШК мерейтойлық іс-шараларына қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Екі ел арасындағы серіктестік пен достықты нығайтуда алдағы уақытта өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумының маңызы зор екені атап өтілді.
Кездесуде түрлі салалардағы экономикалық ынтымақтастық мәселесі қаралды. Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер үдерісінде Ресейдің қолдау көрсетуі және екі ел арасында тату көршілестікті нығайту жөнінде бірқатар екіжақты құжаттарды қабылдаудың келешегі талқыланды.
Қазақстан Президенті кездесудің қорытындысы бойынша бейбітшілік пен келісімді нығайуға сіңірген еңбегі үшін Сыртқы істер министрі С.Лавровқа I дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.