«Біз Петербург экономикалық форумын, Ресей басшылығын осынау сын сағатта қолдадық. Мен форумда Қазақстанның қандай инвестициялық мүмкіндіктері бар екенін, бізде қандай жұмыстар атқарылып жатқанын, Қазақстанның ұстанымын тағы бір мәрте айттым», - деді Елбасы.
23:07, 17 Маусым 2016
Қазақстан Президенті Санкт-Петербург сапарын қорытындылады
САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ-қа 20-шы Халықаралық экономикалық форумға қатысу үшін Ресей Федерациясына жасалған сапарының қорытындысын айтты.