Қазақстан Президенті Санкт-Петербургтегі «Диаконт» компаниясында болды

АСТАНА. САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында, Санкт-Петербург қаласындағы «Диаконт» акционерлік қоғамының қызметімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кәсіпорынның таныстырылымы алдында Қазақстан мен Ресей Президенттері Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ұшағының апатқа ұшырауына байланысты мәлімдеме жасады. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей халқына тағы да көңіл айтты.

«Диаконт» акционерлік қоғамы радиацияға төзімді трансфокатор объективтерін шығаратын әлемдегі екі кәсіпорынның бірі болып саналады және ғылымды қамтитын экономикадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құрылғылар әзірлеу және өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылар қатарына кіреді.