Қазақстан Президенті «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-не барды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СарыарқаАвтоПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы өңірге жұмыс сапары барысында «СарыарқаАвтоПром» автомобиль құрастыру кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа зауыттың даму перспективалары мен жаңа өндіріс қуатын қалыптастыру стратегиясы жөнінде баяндалды. Содан кейін Қазақстан Президенті шанақтарды бояйтын әмбебап цехтың және ірі бөлшектер арқылы құрастыру әдісі бойынша (DKD) автомобильдерді сериясымен шығару цехының жұмыстарымен танысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның бүгінде әлемдік сапа стандартына сәйкес заманауи жоғары технологиялық экономика құрып жатқанын атап өтті.

Жалпы зауыттың өндірістік қуаты - жылына 28 мыңнан астам автомобиль. Кәсіпорын қазіргі уақытта Ankai, MAN, JAC, HYUNDAI және Lovol автомобиль маркаларын шығарады.

Сонымен қатар, осы салада жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар Қазақстан Президентіне өздерінің жобасын таныстырды.

Соңғы жаңалықтар