Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді Ақтөбеде Мұз сарайы ашылуымен құттықтады
20:29, 15 Қазан 2018
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласындағы Мұз сарайын аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасы мемлекет-жекешелік әріптестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған қаладағы жаңа Мұз сарайына барды.
Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.
Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді.