Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Мәскеуге келді

КЕУ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталады.

Сапар аясында Елбасы РФ Президенті Дмитрий Медведевпен жүздеседі. Ал түстен кейін РФ Үкіметінің Төрағасы Владимир Путимен кездесуі жоспарланған.

Ресей басшылығымен болатын кездесулердің барысында қазақстан-ресей ынтымақтастығының екіжақты және көпжақты форматтағы өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Кремль баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мемлекет басшыларының кездесуі екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін мазмұндайтын Ресей мен Қазақстанның арасындағы қарқынды саяси диалогтың аясында өткелі отыр.

«Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша, оның ішінде отын-энергетика саласындағы, ғарыштық зерттеулер саласындағы мәселелер бойынша пікірлер алмасады және аймақаралық, шекаралық байланыстарды кеңейтудің перспективаларын талқылайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ президенттер Кеден одағына қатысты мәселелерді де талқылайды, оның ішінде 2012 жылы 1 қаңтарда іске қосылатын Біртұтас экономикалық кеңістікті құру жөніндегі алдағы қадамдарды нақтылайды деп күтілуде. Посткеңестік кеңістіктегі ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ сияқты ықпалдастық бірлестіктерді дамыту және Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іс-қимылдарын үйлестіру мәселелеріне де назар аударылады.

«Ресей мен Қазақстан президенттер сондай-ақ өзекті халықаралық мәселелер бойынша да, атап айтқанда Солтүстік Африкадағы, Жапониядағы және орталықазиялық өңірдегі жағдайлар бойынша да пікірлер алмасады деп пайымдалуда», - делінген хабарламада.