Виктор Дубовицкийдің пікірінше, әсіресе көпбалалы отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар тәжірибесінің қазіргі уақытта жоғары демографиялық өсімді бастан кешіп отырған Тәжікстан үшін маңызы зор.
«Бұл орайда ауылдарды дамытуға 2019-2021 жылдары қомақты қаржы бөлінуі - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына барынша елеулі серпін береді. Әсіресе ауылдық жерлерде жұмыссыздықты азайтуға, ауыл жастарының келешегін айқындауда ерекше орын алады», - деп атап өтті Виктор Васильевич.