Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды.
ҚР Президентін ШЫҰ Саммиті өтетін жерде Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысына қатысты, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөз сөйледі.
Фото: t.me/bort_01