Қазақстан Президентінің терроризммен күресте әлем елдері күшін біріктіру ұсынысын қолдаймыз - В.Путин

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің терроризммен күресте әлем елдері күшін біріктіру ұсынысын қолдаймыз. Бүгін Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында РФ Президенті Владимир Путин осылай деді.

«Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Парижде өткен «Нормандық төрттік» кездесуінің негізгі қорытындылары, сонымен қатар Сириядағы ахуалдың өрбуі және біздің бұл елдегі лаңкестік белсенділікті жаншуға байланысты іс-қимылымыз туралы ақпарат бердік. Әрине, біз Қазақстан Президентінің барлық елдердің, ең алдымен халқы ислам дінін ұстанатын елдердің лаңкестікпен күрестегі күш-жігерін біріктіру ұсынысын қолдаймыз», - деді В.Путин.

РФ Президенті бүгінгі кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің бірқатар аспектілері, оның ішінде үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды арттыру болашағы қаралғанын атап өтті.