«Біз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Парижде өткен «Нормандық төрттік» кездесуінің негізгі қорытындылары, сонымен қатар Сириядағы ахуалдың өрбуі және біздің бұл елдегі лаңкестік белсенділікті жаншуға байланысты іс-қимылымыз туралы ақпарат бердік. Әрине, біз Қазақстан Президентінің барлық елдердің, ең алдымен халқы ислам дінін ұстанатын елдердің лаңкестікпен күрестегі күш-жігерін біріктіру ұсынысын қолдаймыз», - деді В.Путин.
РФ Президенті бүгінгі кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің бірқатар аспектілері, оның ішінде үшінші елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды арттыру болашағы қаралғанын атап өтті.