Қазақстан Президентінің келуіне орай Анкара көшелері арнайы баннермен безендірілді
00:31, 29 Шілде 2025
АСТАНА.KAZINFORM – Арнайы баннерлерде қазақ және түрік тілдерінде сәлемдесу сөзі жазылған, - хабарлайды БОРТ №1 Telegram арнасы.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Қазақстан Президентін күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті.
Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.