Будапешт әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан құрмет көрсетіп, шығарып салды.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді.
Қазақстан мен Мажарстан ортақ бастамаларды жүзеге асыруды көздейтін Бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті.
Қазақстан Президенті Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысты.