— Егер сіздерде біз шеше алатын қандай да бір проблема болса, онда оны тыңдауға және Еуропа Парламентінде шешуге тырысамыз. Өйткені, кейде Еуропа Парламенті өкілдерінің өз көзқарасы болады және олар Еуропаға қамқорлық жасаудың орнына саясатқа көбірек көңіл бөледі. Соның салдарынан Еуропа ұтылып жатады, — деді Чехия Үкімет басшысы.
Сонымен қатар ол Чехияның Қазақстан газын алуға мүдделі екендігін білдірді.
— Біз мұнай мен газды АҚШ пен Норвегиядан сатып аламыз. Норвегия газды сату арқылы млрд-таған доллар табыс тауып отыр. Алайда, Украинадағы соғыс басталғаннан бері бізге еш жеңілдік бермейді, — деді Андрей Бабиш.
Бұған дейін Чехия бизнесі Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерге қызығушылық танытқанын жазған едік.