Оның айтуынша, Қазақстан ТМД елдері арасында ракқа қарсы дамытылатын медициналық желінің орталығына айналу керек. "Еуропа мен Қазақстанның медицина саласындағы ғылыми ынтымақтастық құруы өте маңызды деп санаймыз және біз оның одан әрі нығайып, дамуы үшін бар жағдайды жасау керекпіз", - дейді Ф. Кавалли.
Сонымен қатар ол соңғы 25 жыл төңірегінде дәрігерлер қатерлі ісік жайында көп біле түскен. "Жалпы рак жайында айту қиындау, өйткені оның жүздеген түрі бар. Оның 100 пайызға дейін емделген кейбір түрлерін айта аламыз. Олар лимфомдар, асқазан қатерлі ісігі және тағы басқалар. Сонымен қатар сүт безі ісігі жайлы айтсақ, бұрын бұл дертке шалдыққандардың 30 пайызы ғана емделсе, қазіргі күні бұл көрсеткіш 75-ке жеткен. Жалпы алға жылжу бар, бірақта оны жылдамдату қажет", - дейді Халықаралық ракпен күрес одағының президенті.
Сондай-ақ ол адамзат бұл қатерлі ісіктен толығымен қашан айығатынын өкінішке орай ешкім айта алмайтындығын жеткізді.