Бұл ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып саналады. Бүгін бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
Атап айтқанда, салыстырмалы түрде қарастырсақ, 2007-2008 жылғы есепті кезеңде экспортқа астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 8,9 млн. тоннаға таяу астық тиеп жөнелтілген болатын. Бұл биылғы маркетингтік жылдың көрсеткішінен 19 пайызға төмен.
Министрлік мәліметіне сүйенсек, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен ағымдағы жылдың мамыр айын қоса есептегенде ай сайын астыққа шаққандағы ұнды қоса есептегенде 1,0 млн. тоннадан астам астық экспортқа шығарылған. Дегенмен, экспорт әлеуетін (15 млн. тонна) толықтай іске асыру үшін әлі де болса 4,4 млн. тонна астықты тиеп жөнелту қажет етіледі.