Осыған дейін Reuters агенттігі Ресей Қазақстан тарапын төлем мәселесіне байланысты Германияға мұнай тасымалы 2024 жылдың маусымынан бастап тоқтатылатыны туралы ескертті, деген ақпарат таратқан болатын.
Онда аталған сервис келісімінің мерзімі 5-маусым күні аяқталатыны айтылған. Алайда келісімнің шарттары мен Ресей алғысы келетін қаржы көлемі туралы ештеңе айтылмаған.
«Транснефть» кейінгі аптада қазақстандық тасымалдаушыларға Польшаның мемлекеттік құбыр желісі операторы PERN-нің өзінің Польша-Беларусь шекарасындағы Адамов базасында газды өлшеу бойынша қызметінің құнын үш сауда көздері бойынша маусым айына дейін төлеуі қажеттігі туралы ескерткен», - деп хабарлады Reuters.
Қазақстанның Энергетика министрлігі бұл ақпаратты растамады.
«Бізде мұндай ақпарат жоқ», - деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясов.