Қазақстан-ресей шекарасында 7 жаңа өткізу орындары ашылады - Мәжіліс

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы

қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасының қиылысындағы аймақтың тұрғындарының өту тәртібі туралы 2006 жылғы 3 қазанда жасалған үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған келісімнің нәтижесінде қиылысатын орындар жаңа пункттермен толығады. Атап айтқанда Қазақстан тарапынан - Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Қостанай, Жамбыл ауданындағы Айымжан және Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында Үлкен Қараой, Павлодар облысының Ертіс ауданында Ертіс, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Әйтеке би және Қобда ауданында Жиренқопа, Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданында Казталов пункттері.

Сонымен қатар, осы тізілімдерден Қазақстан тарапынан - Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданындағы Қызыл Шемонайха, Бородулихин ауданындағы Буркотово мен Коростели, Павлодар облысының Галицкое-Успенский ауданындағы Екатеринославка, Солтүстік Қазақстан облысындағы М.Жұмабаев ауданындағы Суворовка пункттері жабылады.

Яғни, қазақстан-ресей шекарасынан жаңадан 7 өткізу орыны ашылып, бұрынғы алтауы жабылады.