Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстанның әскери қызметшілері лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу операциясын өткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚК әскери қызметшілері Орталық Азия өңірінің жылдам өрістету ұжымдық күштерінің қолбасшылығы және штабымен жедел жиындарға қатысты.

Сабақтар Шұбаркөл қаласындағы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Орталық әскери округінің 255-ші түраралық полигонында бес күн бойы өтті, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Біріккен штабы бастығының басшылық етуімен жиынға қатысуға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Армения және Беларусь ҚК-нің, Қазақстан мен Ресей Қорғаныс министрліктерінің жетекші әскери білім беру мекемелерінің, сондай-ақ ҰҚШҰ Біріккен штабының лауазымды тұлғалары тартылды.

Қазақстандық армиядан ҰҚШҰ-ның Біріккен штабындағы ҚР Қарулы Күштерінің тұрақты өкілдері, Аэроұтқыр әскерлерінің офицер-жетекшілері және Елбасы - ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің өкілі қатысты.

Штабтық жаттықтыру барысында әскери қызметшілер бірлескен ланкестікке қарсы операцияға қатысуға тапсырма алған кезде әскери қызметшілер қолбасшылық пен штабтың жұмысын ұйымдастыру мәселелерін пысықтады.

ҰҚШҰ Біріккен штабының басшылығы қазақстандық әскери қызметшілердің теориялық және практикалық дайындығының жоғары деңгейін атап өтті. Сонымен қатар, ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің әскери ғылым өкілдеріне ұйымның алты елінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыру тілегі айтылды.

Аталған жедел жиындар 2015 жылы ҰҚШҰ-ның ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының құралымдары мен басқару органдарының бірлескен жедел және жауынгерлік даярлық жалпы жүйесіндегі соңғы іс-шара болғанын айта кеткен жөн.