«Біз Кеден одағының жоғарғы органының отырысын өткіздік. Кеден кодексі күшіне енуіне байланысты мәлімдемеге қол қойылды. Ол үш ел арасындағы Кеден одағы аясындағы қатынастарда шілденің 6-нан, Ресей мен Қазақстан арасында шілденің 1-нен бастап қолданылады», деді Д. Медведев.
Оның айтуынша, Кеден одағы қызметінің құқықтық және қаржылық қырларын реттейтін бір топ халықаралық келісімшарттар қабылданды. Көптеген арнайы шешімдер бекітілді. Дейтұрғанмен, Ресей басшысы алда Біртұтас экономикалық кеңістікті құруда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап көрсетті. «Бұл шын мәнінде пайдалы және қызықты іс. Осыны ескеретін болсақ, бір барлық мәселелер бойынша келісетінімізге сенімдімін», деді ол.