Әлемнің 26 елінен барлығы 2 000 спортшының басын біріктіретін бұл жарыс Сочи қаласында өтеді. Жалпы әскери спортшылар түрлі 44 жүлде бойынша жеке және командалық жарыстарда бақ сынайды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Спорттық бағдарлама 7 спорт түрінен тұрады. Олар биатлон, шаңғы жарысы, тау шаңғысы, шаңғыда спорттық бағдарлау, ски-альпинизм, үй-жайдың ішінде биікке өрмелеу, шорт-трек.
ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары алдағы жарыс бойынша жоспарлы даярлықтан өтті. Спорттық бағдарлау жөніндегі команда оқу-жаттықтыру жиынымен қатар, ҚР шаңғыда бағдарлау жөнінде ашық Кубокқа қатысқан. Чемпионат барысында орта және ұзақ қашықтықтағы аралықты Армия орталық спорт клубының спортшылары орта қашықтықты бағындыруда қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмастан барлық медалдерді жеңіп алды, сондай-ақ ұзақ қашықтықта бір «алтын», екі «күміс», және бір «қола» жүлдеге ие болды.
Армияның сапындағы биіктікті бағындырғандар Дүниежүзілік әскери ойындарына қатысу үшін күшейтілген дайындықтан өтуде. Астанада құзға өрмелеуден Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі өтті. Нәтижесі бойынша жылдамдығы жағынан кіші сержант Никита Девятериков 1 орын, ал оның інісі кіші сержант Артем Девятериков екінші орын алды.