«Батыстың Ресейге енгізуі мүмкін экономикалық санкциялары Қазақстанға қалай әсер етуі ықтимал деген сауалдар бар. Бірақ әзірге ол көрініс тауып отырған жоқ. Себебі ол санкциялар тек жекелеген адамдарға қатысты жасалуда. АҚШ, Еуроодақ одан арыға бармауда. Қазіргі кезде олар мұнай бағасын түсіріп тастауы мүмкін деген жорамалдар көп айтылуда. Ондай болса, Қазақстан ғана зардап шекпейді, мұнай өндіруші елдер көп. Негізгі ойыншылар болып табылатын Араб елдері, ОПЕК ондайға барар алдында жүз рет ойланады», - деді ол.
Вице-премьердің атап көрсеткеніндей, соған қарамастан, Қазақстан Ресейге салынуы мүмкін санкциялардан шығудың жоспарын пысықтауда.
«Дегенмен, біз кез келген жағдайға, түрлі сценарийлерге дайынбыз. Үкіметте біз бос отырған жоқпыз, біз де шын мәнінде экономикалық санкциялар қабылданатын болса, одан шығудың түрлі жолдарын жасап жатырмыз», - деп түйді ойын Б.Сағынтаев.