Қазақстан ресейлік компаниялар үшін офшор құрады
Бұл туралы «Известияға» Қазақстан Ұлттық банкі басшысының орынбасары Нұрлан Құсайынов мәлім етті. Инвесторлар 50 жылға салықтан босатылып, «А» сыныпты тегін кеңсе, 5 жылға визасыз режім алады, олардың ағылшын құқығы негізінде төрелік соты болмақ.
ХҚО инфрақұрылымы дайындық үстінде - офшор «Экспо-2017» үшін салынып жатқан ғимаратқа орналастырылады.
Астанада қаржы орталығын құрып, Қазақстанға инвесторларды тарта отырып, осылайша елдің одан әрі дамуының бағытын айқындаймыз, - деді Қазақстан Ұлттық банкі басшысы Қайрат Келімбетов.
Инвесторлармен уағдаластыққа қатысты айтар болсақ, әлемнің 20 жетекші инвестбанктерінің басшылары қыркүйек аяғында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-жылдығы құрметіндегі қабылдауда Назарбаевқа осы жобаға қатысуға келісімдерін берген.
Қазақстан билігі әлеуетті инвесторлар мен активтерді басқару бойынша компанияларды тарту жолымен биржа арқылы «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгро» мемлекеттік қорлары басқаратын 60-қа тарта мемлекеттік құрылымдарды жекешелендіруге мүмкіндік туады деген үмітте.