Қазақстан ресейліктер ең көп баратын елдердің бестігіне енді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы ресейліктер 2019 жылы көп сапарлаған ТОП-5 елдің қатарына енді. Бұл туралы «ТурСтат» ресейлік туристік порталы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Порталдың хабарлауынша, ресейлік туристер биылғы бірінші жартыжылдықта ең көп барған елдердің ондығы төмендегідей (2018 жылмен салыстырғандағы статистикамен бірге):

1. Түркия, 2,649 мың сапар (+16%), +368 мың сапар;

2. Абхазия, 1,852 мың сапар (+6%);

3. Финляндия, 1,644 мың сапар (+5,5%), +85 мың сапар;

4. Қазақстан, 1,371 мың сапар (+6,5%), +84 мың сапар;

5. Қытай, 1,077 мың сапар (+19%), +169 мың сапар;

6. Украина, 1,057 мың сапар (-2%), -17 мың сапар;

7. Эстония, 847 мың сапар (-1%), -11 мың сапар;

8. Таиланд, 654 мың сапар (-4%), -25 мың сапар;

9. Грузия, 630 мың сапар (+30%), +147 мың сапар;

10. Германия, 628 мың сапар (+6%), +37 мың сапар.

ТурСтаттың мәліметіне қарағанда, Түркия мен Қытай ресейліктер биыл ең көп барған елдер.

Түркияға биыл 368 мың ресейлік турист артық барған. Сол секілді Қытай (+169 мың), Грузия (+147 мың), Италия (+96 мың), Финляндия (+85 мың), Қазақстан (+84 мың), Черногория (+46 мың), Испания (+30 мың), Армения (+30 мың) мен Францияға (+25 мың) барғысы келетін РФ азаматтарының саны артып келеді.

Рейтинг Ресейдің жыл басынан бергі туристік статистикасына сүйеніп жасалды.