Фильмде 28 қазанда «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында болған қайғылы оқиға баяндалады.
Апаттың мән-жайын анықтау және шара қолдану үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына барған болатын. Президент бақилық болған кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға жан-жақты көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ Президент үкіметке «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бүгін, 29 қазанда отандық телеарналарда «Өлім ошағы» деректі фильмі көрсетіліп жатыр:
▪️«Түркістан» - 17:40
▪️«Хабар 24» - 18:15
▪️ «ОРТ Еуразия» - 18:15
▪️«Жетісу» – 18:45
▪️«Almaty TV» – 18:55
▪️«31» арнасы – 19:00
▪️«Жібек жолы» - 19:30
▪️«КТК» - 20:30
▪️ «Astana TV» - 20:42
▪️«Ел арна» – 20:45
▪️«МИР» - 21:00
▪️«Жетінші арна» - 21:50
Еске сала кетейік, 28 қазан күні сағат 2:33-те Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына тиесілі Костенко шахтасында жарылыс болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 45 адамға жеткен.
Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Болжам бойынша, компанияның мәліметінше, лавада газ метанының жарылысы болған. Оқиға орнында құтқару жұмыстары үздіксіз жалғасуда.
Қазір «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на қарасты 8 шахтаның жұмысы тоқтатылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының Костенко шахтасында қаза тапғандар саны 45-ке жеткенін жазған болатынбыз.