Айрықша еңбегі үшін бір топ мұғалім жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Салтанатты жиында білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ мұғалімге жоғары мемлекеттік наградалар табысталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Фото: Ақорда

Президент білім саласы қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапттады

2026 жылғы 05 қазан

Білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін мына азаматтар марапатталсын:

«Құрмет» орденімен

Арынова Дәмеш Арынқызы — «Бименде Амалбеков атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі, Ұлытау облысы

Зәйкенова Руда Зәйкенқызы — «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ профессоры, Алматы қаласы

Қайсаева Гүлбану Зәкәрияқызы — білім беру саласының ардагері, Астана қаласы

Малайдар Марта Есіркепқызы — білім беру саласының ардагері, Ақтөбе облысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Аханов Дәулетназар Дәулетбайұлы — «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, Түркістан облысы

Әлиев Мұрат Қапбарұлы — «Esil University» мекемесінің профессоры, Астана қаласы

Бабаева Жібек Шамғалиқызы — «Жалпы білім беретін мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Маңғыстау облысы

Егізбаев Нұржан Хамытбекұлы — «№ 7 орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысы

Жұмағалиева Алмажан Жасұланқызы — «Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы

Қожахметова Алма Шәймерденқызы — «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің доценті, Түркістан облысы

Нұрмахатов Ғалымжан Амангелдіұлы — «Темірбек Жүргенов атындағы № 123 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Қызылорда облысы

Садықов Ахметжан Бисенғалиұлы — «Томарлы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Павлодар облысы

Сыдықбекова Бәтима Жақсылыққызы — «№ 173 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Алматы қаласы

Шилов Игорь Алексеевич — «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ аға оқытушысы;

«Шапағат» медалімен

Қадырова Жібек Шәкенқызы — «Кеген ауылының № 7 облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ басшысы, Алматы облысы

Лысенко Александр Георгиевич — «Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы» КММ педагогі

Тайтелиева Жұмакүл Шегебайқызы — «№ 122 „Ақ көгершін“ бөбекжай-бақшасы» МКҚК меңгерушісі, Шымкент қаласы

Тарасова Елена Михайловна — «№ 3 арнаулы мектеп-интернат» КММ педагогі, Қарағанды облысы

Тлеулина Галия Жамалетдиновна — «Ақбота» бөбекжайы» КМҚК музыка жетекшісі, Ақмола облысы;

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы»

құрметті атағы берілсін

Айшуақова Күләш Мырзабайқызы — «Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Атырау облысы

Байтасова Ботагөз Шаяхметқызы — «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Қостанай облысы

Жантілеуова Айман Жантілеуқызы — «Талдықорған қаласы Мұхтар Арын атындағы № 24 мамандандырылған лицейі» КММ мұғалімі

Лахтин Михаил Васильевич — «№ 8 эстетикалық тәрбие беретін жалпы орта білім беру мектеп-кешені» КММ педагог-хореографы, Солтүстік Қазақстан облысы

Мұқашева Меруерт Қозықанқызы — «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат» КММ мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы

Нұрғалиева Гүлжан Әбенқызы — «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Астана қаласы Нұра ауданының жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалының мұғалімі

Оспанова Айгүл Төлегенқызы — «Қожагелді батыр атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі, Абай облысы

Рахмедьянова Ұлжан Әшімқызы — «№ 46 балабақша-мектеп-гимназия кешені» КММ директорының орынбасары, Астана қаласы

Тағаева Гүлмира Тұрдыбекқызы — «Бірінші мамыр» жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Түркістан облысы

Тілеубаева Қаламқас Қалиқызы — білім беру саласының ардагері, Маңғыстау облысы

Шотанова Эльмира Манарбекқызы — «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Алматы қаласы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтерді мерекесімен құттықтап, Мұғалім күні бүкіл қоғамды біріктіретін, нағыз халықтық сипаты бар, қастерлі де қадірлі мерекеге айналғанын атап өтті.