Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мәлімдемесі
19:09, 25 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ресми мәлімдеме жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Р.Әлиевтің «Өкіл қайын ата» деген кітабындағы мемлекеттік құпияны немесе заңнамада қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз таратуға қатысты брифингте айтылған Бас прокуратураның ресми өкілінің түсініктемесі бұқаралық ақпарат құралдарында осы кітапты оқуға тыйым салу ретінде түсіндірілген.Осыған байланысты ҚР Бас прокуратурасы бұлай деу шындыққа сәйкес келмейтіндігін мәлімдейді. Қылмыстық жауаптылық тек аталмыш кітапты республика аумағына таратуға және заңсыз әкелуге ғана қатысты», ? деп айтылған мәлімдеме мәтінінде.