16:52, 29 Сәуір 2009
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми мәлімдемесі
АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ресми мәлімдеме жасады. ҚазАқпарат мәлімдеменің мәтінін жариялайды.
* * *Соңғы уақытта бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасындағы дінге сенушілердің құқықтарының бұзылуы туралы жарияланымдар мен түсініктемелер берілуде. Діни нанымы үшін жапа шекті-мыс деген желеумен Чехия мен Словения елдеріне кеткен қазақстандық азаматтар туралы әңгімелер ? солардың бірі. Бүгінде қазақстандық конфессияаралық келісім, діни шыдамдылық пен төзімділік тәжірибесі әлемдік қауымдастыққа кеңінен танымал, сондықтан мұндай пайымдауды жөнсіз деп санаймыз.Қандай дінді ұстанатынына қарамастан, дінге сенушілердің құқығын қамтамтамасыз етуге Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында және заңдарында кепілдік берілген, ол әркімнің дін ұстануы еркіндігін бекітіп, діни себептер мен кемсітушілікке жол бермейді. Елімізде барлығы 40 конфессияға жататын 4 мыңнан астам діни бірлестіктер мен шағын топтардың бейбіт қатар өмір сүріп отырғаны, Қазақстанның астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері өткізілуі аталған конституциялық құқықтардың сақталып отырғанының айқын дәлелі. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасында дінге сенушілер құқығының бұзылуы туралы пайымдаулардың негізсіз екенін, сонымен қатар Чехия мен Словения елдеріндегі азаматтарымыздың Қазақстанға діни көзқарастары үшін қудалауға ұшыраймын деп қауіптенбей-ақ кедергісіз оралу мүмкіндіктері бар екенін мәлімдейді.Қазақстаннан тыс, сонымен қатар Чехия мен Словенияға кеткен азаматтар, отанына оралғаннан кейін барлық конституциялық құқықтарын, сондай-ақ Қазақстан заңдарын сақтаған жағдайда дін ұстану құқығы мен еркіндігін, басқа да дін ұстанушылардың құқықтары мен еркіндіктерін толық дәрежеде пайдалана алатындығын атап көрсетеміз.