Премьер-Лига 17-ші тур, 19 маусым
«Астана» - «Ертіс» 1:1 (0:0)
Голдар: Нөсербаев 51 (1:0), Керла 69 (1:1)
Астанада ойын тартысты өтті. Павлодарлық Ертіс жақсы қарсылас бола білді, нәтижесінде ойын тең аяқталды. Бірінші таймда футболшылар көрермендерді гол соғып қуанта алмады, екінші таймда Таңат Нөсербаев пен Семир Керла мүмкіндікті теңестіре алды, бұдан кейін командалар гол соға алмады.
«Шахтер» - «Ақжайық» 3:1 (2:0)
Голдар: Василевич 27 (1:0), Уббинк 45 (2:0), Уббинк 86 (3:0), Лечич 90 (3:1)
Қарағандылық «Шахтер» алматылық «Қайраттан» өз алаңында жеңілгені үшін өз жанкүйерлерінен кешірім сұрады. Оралдық «Ақжайықпен» қарсы айқаста олар үш голл соқты. Бірінші голды өз есебіне босниялық қорғаушы Никола Василевич жазды. Тайм соңына қарай Деслей Уббник табысты бекіте түсті. Голландиялық үзілістен кейін дубль ресімдеп, қарсыласын жеңуге жол ашты, алайда Мирослав Лечичтің айып соққысы бұған жол бермеді.
«Жетісу» - «Тобыл» 0:1 (0:0)
Гол: Шимкович пенальтиден 90 (0:1)
Алтыншы орынға үміткер командалардың кездесуі Талдықорғанда өтті. Оңтайлы сәттер аз болды. Барлығын екінші кезең минутында павлодарлық рефери Игорь Алешиннің алаң иелерінің қақапасына соққан пенальтиі шешті. Оны Томаш Шимкович ойдағыдай жүзеге асырды.
«Ордабасы» - «Оқжетпес» 2:2 (2:0)
Голдар: Диакате 29 (1:0), Суюмбаев 35 (2:0), Булешев 54 (2:1), Юрин 64 (2:2)
көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдаған «Ордабасы» үмітті ақтады. Алаң иелері бірінші таймда қонақтардың қақапасына бірден екі гол соқты, олар Абдулайе Диакате мен Ғафуржан Сүйімбаев. Ойын аяқталғандай көрінді, алайда Владимир Муханов қапысын тауып, көкшетаулықтар «Ордабасымен» теңесті. Оған Әлібек Бөлешов пен Игорь Юриннің соққысы жәрдемдесті, тең ойын қызықты сюжетте өрбіді.
«Атырау» - «Тараз» 1:0 (0:0)
Гол: Дамчевски 57 (1:0)
Жүзеге асырылмаған пенальти: Мане 45 (қақпашы)
«Тараз» футболшыларының қонақтардан ерекшелігі ойынның бірінші жартысында орын алды. Алайда он бір метрлікте Малик Мане Жасур Нарзықұловты ұта алмады. Александр Дамчевски «мұнайшылардың» құтқарушысы болды десе болады. Ол «қанжығаға» үш ұпай салып, маңызды голды сол соқты. Соның арқасында «Атырау» - алтыншы орында.
«Ақтөбе» - «Қайрат» 2:6 (1:4)
Голдар: Тесак 4 (0:1), Исламхан 17 (0:2), Гоу 25 (0:3), Аршавин 38 (0:4), Шестаков 43 (1:4), пенальтимен Жалмұқан 65 (2:4), Гоу 67 (2:5), Исаэль 76 (2:6)
Бірінші таймда Станислав Павловтың (Ақтөбе) қақпасына төрт гол соғылды. Содан кейін ғана алаң иелері еңсе көтерді, үзілістен кейін «Ақтөбе» өзінің сүйікті тәсілі - даулы пенальтиді соқты. Бұл оларды «масқара» болудан сақтап қалды, жеңіс қайраттықтардың еншісіне бұйырды.