Қазақстан Газа Секторының маңында Жерорта теңізінде болған қақтығыс туралы хабарды терең қайғыру сезімімен қарсы алды және қаза болғандар мен жараланғандардың отбасыларына көңіл айтады.
Біз Газа Секторының халқына халықаралық гуманитарлық көмек көрсету қажет деп санаймыз.
Қазақстан Республикасы қайғылы оқиғаның мән-жайын тезірек жан-жақты тексеруді жақтайды және барлық мүдделі тараптарды ұстамдылық танытуға және шиеленісті одан әрі ушықтыруға жол бермеуге шақырады.