Жоспар бойынша, 25 тамыз күні музейдің 10 жылдығына арналған кешенді шаралар «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен басталады. Содан кейін, «Серіктестер шоқжұлдызы» форумымен жалғасады. Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар барысында қонақтар Күмбезді залда орналасқан «Бізге 10 жыл» фотокөрмесі материалдарымен танысып, үлкен банкет залында белгілі мүсінші Н.Қалиевтың «Ағаш құдіреті» көрмесін тамашалай алады. Ал Қазақстандағы мұражай ісінің өзекті мәселелеріне арналған шеберлік-сынып жұмысы «Мұражай педагогикасы» тақырыбында белгілі мұражайтанушы-мамандардың қатысуымен өтеді, делінген хабарламада.
09:19, 13 Тамыз 2014
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейіне 10 жыл!
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі 2014 жылдың 25 тамызында 10 жылдық мерейтойына арналған кешенді іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады музейдің баспасөз қызметінен.