«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілді

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 8 қазан №1265 Астана, Үкімет Үйі

  

 «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

6

«Қазақстан Республика-сында босқын мәртебесін беру және ұзарту»

Жеке тұл-

ғалар

ІІМ

Ішкі істер органдары

көші-қон полициясы-ның аумақтық бөлімшелері

Ішкі істер органдары

көші-қон полициясы-

ның аумақтық бөлімшелері

Қағаз түрінде (куәлік)

».

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

  

Стандарт республикалық БАҚ-да жарияланған.