Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары бекітілді

Фото: None
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары бекітілді, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 500

2012 жылғы 8 қараша, Астана қаласы

Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 6) тар­мақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін бас­тауыш білім берудің үлгілік оқу жоспары;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары;
12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж. Жонтаева):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр Б. ЖҰМАҒҰЛОВ.

Қосымшалар республикалық БАҚ-та жарияланды.