Ел Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңмен, сонымен қатар Халықаралық азаматтық және саяси құқықтар туралы пактімен кепілдендірілген азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету мәселесіне арналған алқалы жиында В.Фоос арнайы баяндама жасап, ол комиссия мүшелерінің тарапынан мақұлданды.
Оның атап өтуінше, қазақстандық заңнама ел азаматтарының сайлау құқығына жеткілікті түрде кепілдік береді. Сайлаушы ретіндегі азаматтардың барлық сайлау құқығы заңда толығымен сақталған.
Еліміздің сайлау заңын жетілдіру және халықаралық сайлау құқығы нормаларына сәйкес келтіру мақсатында 778 толықтыру мен өзгеріс енгізілгенін баса айтқан ол: «Біз әрбір сайлау өткен сайын дауыс беру барысында сайлаушылардың алдынан ешқандай кедергі шықпауы үшін заңға толықтырулар мен өзгерістер енгіземіз», - деді.