«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

***
Қазақстан Республикасының Заңы № 27-V ҚРЗ.  «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы

1-бап. «Қазақстан Республикасындағы тұр­ғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республи­ка­сының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) алдын ала тұрғын үй заемы - шарттық соманы алғанға дейiн негiзгi борышты өтеу талабынсыз, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында шарттық соманың шегiнде са­лымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебiнен өтеледi;

2) аралық тұрғын үй заемы - жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерiн жинақ­тау талабымен тұрғын үй жағдайларын жақ­сарту мақсатында салымшыға тұрғын үй құ­рылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шар­тының талаптарына сәйкес тұрғын үй құры­лысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебiнен өтеледi;»;
2) 3-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұ­зуға және салымды, оған тұрғын үй құрылысы жинақ банкi есептеген сыйақыны алуға құқылы. Бұл ретте салымшы тұрғын үй құры­лысы жинақ ақшасы туралы шартта белгiлен­ген талаптарға сәйкес салымды үш жылдан аса жинақтаған кезде мемлекеттiң сыйлықақысын алуға құқылы.»;

3) 5-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) аударым операциялары - жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары жөнiндегi тапсырмаларын орындау;»;
6) тармақшадағы «ұйымдастыру жатады.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақ­шамен толықтырылсын:
«7) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен то­лықтырылсын:
«3. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері Қазақстан Республикасының банк заңна­ма­сын­да екінші деңгейдегі банктер үшін көзделген, лицензияның болуын талап етпейтін қызмет түрлерімен айналысуға құқылы.»;
4) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымшылар алдындағы шарттық соманы немесе жи­нақ­талған ақша сомасын беру жөнiндегi мiндет­те­мелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында қаржы нарығында заем қаражаттарын тартуға құқылы.
Меншікті және тартылған қаражаттарды тұрғын үй құрылысы жинақ банктерi осы Заңда көзделген қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланады.
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы алдын ала тұрғын үй заемдарын беру үшін пайдаланыла алмайды.»;
5) 8-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жинақтау мерзiмi өткенде және салымшы жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерін жинақтамаған жағдайда оның салымды, оған тұрғын үй құрылысы жинақ банкi есептеген сыйақыны, сондай-ақ салым үш жыл­дан аса жинақталған кезде мемлекеттiң сыйлық­ақы­сын алуға не мемлекеттiң сый­лық­ақы­сы есептеле отырып, тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде жинақтауды жалғастыруға құқығы бар.
Мемлекеттiң сыйлықақысы тұрғын үй заемын алуға өтiнiш берiлген кезге дейiн есеп­теледi.»;
5-тармақтағы «банк заемының бөлек» деген сөздер «банктік заем» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Аралық тұрғын үй және алдын ала тұр­ғын үй заемдарын беру мақсатында сыйақы­ның жеңiлдiктi мөлшерлемесі бойынша ұзақ мерзiмдi бюджеттiк кредиттер пайдаланылуы мүмкiн.
Аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары ұзақ мерзiмдi бюджеттiк кредиттер қаражатының немесе ұзақ мерзiмдi бюд­жеттiк кредиттер мен тұрғын үй құрылысы жи­нақ банкі қаражатының есебiнен тұрғын үй құрылысының мемлекеттік және салалық бағ­дарламаларына қатысушыларға беріледі.
Ұзақ мерзiмдi бюджеттiк кредиттер қара­жатының немесе ұзақ мерзiмдi бюджеттiк кредиттер мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қара­жатының есебiнен тұрғын үй құрылысы­ның мем­лекеттік және салалық бағдарлама­ларына қаты­су­шы­ларға берілетін аралық тұр­ғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша сыйақы мөл­шерлемесі кредиттік шартқа сәйкес белгіленеді.»;
6) 10-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінде:
«беріледі» деген сөз «есептеледі» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен то­лық­тырылсын:
«Мемлекеттiң сыйлықақысы салымшының шотына есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде есепке жатқы­зылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлық­ақы­сын есептеу мен төлеу қағидаларын бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекітеді.»;
7) 11-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) ақшаны үш жылдан аз уақытта жи­наған кезде заем берілген күннен бастап күн­тіз­белік он төрт күн ішінде заемды қайтар­ғанда;»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнде салымдарды жинақтау мерзiмi үш жылдан кем болған кезде тараптар тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғанда;»;
8) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы са­лымшысының осы Заңның 8-бабы 2-тармағы­ның талаптарын орындағаны-орындамағанына қара­мас­тан, ол тұрғын үй заемын алудан бас тартқан және тұрғын үй құрылысы жинақ ақ­шасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, үш жыл ақша жинақтағаннан кейiн оның мемлекеттің сыйлықақысын алуға құ­қығы бар.
Қарыз алушы заем берілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде тұрғын үй заемын қайтарған жағдайда, үш жыл ақша жи­нақтағаннан кейін оның мемлекеттің сыйлық­ақысын алуға құқығы бар».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жариялан­ғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы Заңның 1-бабы 2) тармақшасының, 5) тармақшасы екінші және үшінші абзацтары­ның, 7) және 8) тармақшаларының күші бұрын жасалған қолданыстағы шарттардан туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Президенті    Н. НАЗАРБАЕВ.        

Астана, Ақорда, 2012 жылғы 5 шілде.