Қазақстан Республикасының Автокөлік тасымалдаушылары және экспедиторлар қауымдастығы құрылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
2010 жылдың 2-ші сәуірінде ұйымның Құрылтайшылар жиналысы өткен еді. Ал осы жылдың 5-ші мамырында Алматы қалалық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өтті. Қауымдастық Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Коммерциялық емес ұжымдар туралы» және басқа да мемлекеттік заң актілеріне сәйкес құрылған. Ұйымның мақсаты жүк тасымалдау мен көлік тасымалы жүйесін дамыту, көлік тасымалы нарығының қалыптасуына жаңа заң ережелерін дайындау. Сонымен қатар, Қауымдастық мүшелерінің құқығын, мүдделерін қорғау және олардың мемлекеттік, халықаралық ұйымдармен ынтымақты қарым-қатынасына жағдай жасау.
«Көлік және коммуникация министрлігі мен жергілікті әкімдіктер бұл салада өз әлінше жұмыс жасауда. Тіпті арнайы заң жобасы да бар. Бірақ тар шеңберді қамтитын бұл шаралар барлық мәселелерді шеше алмай келеді. Соған байланысты, біз көлік тасымалдаушыларының күрделі мәселелерін шешуде өз үлесімізді қосу үшін осы қауымдастықты құрдық. Министрлік біздің бастамамызды жылы қабылдап, ұйымның құрылуына қолдау білдірді», деді Автокөлік тасымалдаущылары мен экспедиторлар қауымдастығының басқарма төрағасы Әлімғожинов Серік. Оның айтуынша, 2015 жылға дейін бағытталған ҚР-ның Көлік стратегиясына сай Қауымдастық тасымалдаушылар мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуда еңбек етеді.