ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2012 жылғы 29 желтоқсан №1768 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ
Қосымшаның мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланды.