Қазақстан Республикасының болашағы жарқын - еуродепутат

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасын жарқын болашақ күтіп тұр. Латвиядан Еуропалық парламенттің депутаты Андрей Мамыкин «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне ҚР Конституциясының 20 жылдығына қатысты берген сұхбатында осындай пікірімен бөлісті.

«Қазақстандық Конституцияның мерейтойы қарапайым қазақстандықтар мен билігіне, сонымен қатар 20 жыл ел игілігі үшін қызмет еткен азаматтар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінемін. Олар ата-бабалары армандаған жаңа Қазақстанды құрды», - деді Андрей Мамыкин.

«Ең бастысы, мұндай мерейтойлар сіздерде көп болады, өйткені елдеріңіздің болашағы жарқын болатынына сенімдімін», - деп түйіндеді ол.